Accessibility links

Ресей мен Жапонияның қорғаныс министрлері Мәскеуде келіссөз өткізеді

МӘСКЕУ. Жапонияның қорғаныс министрі Фукуширо Нукага (Fukushiro Nukaga) өзінің ресейлік әріптесі Сергей Ивановпен келіссөз жүргізу үшін сапармен Мәскеуге келді. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, С.Иванов пен Ф.Нукага екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы мәселесін, аймақтық проблемаларды, оның ішінде Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламалары проблемасын талқылайтын сияқты.
XS
SM
MD
LG