Accessibility links

Ресми Дамаск: АҚШ Сирияға деген қысымын күшейтуге және Сирияға қарсы күштердің рухын көтеруге тырысады


ДАМАСК. Егер Ливанның экс-премьер-минстрі Р.Әл-Хариридің қастандықпен өлтірілуін БҰҰ-ының тергеуіне атсалыспайтын болса, онда Сирия БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне шақырылуы мүмкін деп мәлімдеген АҚШ дипломатының ескертуіне ресми Дамаск наразылық білдірді. Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ресми Дамаск Вашингтон Сирияға деген қысымын күшейтуге және Сирияға қарсы күштердің рухын көтеруге тырысып отыр деп есептейді. Сирияның ресми өкілінің мәлімдеуінше, Дамаск тұрақтылық пен тыныштық саясатын ұстанады. Кеше Ливанға келген сәтінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэвид Уелч Сирияны осыдан 1 жылдай бұрын Бейрутта Әл-Хариридің бомба жарылысынан қаза болуын тергеудің барысына көмектесуге шақырды. БҰҰ-ының тергеуі осы қастандыққа Сирия мен Ливан өкілдерінің қатысы болды деген тұжырымға келді. Сирия оны жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG