Accessibility links

Ресми Исламабад 18 адамның қазасына себеп болған әуе соққысына наразылық білдірді


ИСЛАМАБАД. Пәкістан өз жеріне зымырандық соққы берген АҚШ-қа ресми наразылыған жолдады. Жұма күні таңертең ауған шекарасына жақын ауылға зымырандық соққы беріліп, 18 ауыл тұрғыны қаза тапты. Бірақ олардың ішінде “Әл-Қаида” ұйымының екінші басшысы Айман Әз-Зауахири болмай шықты. Пентагон осы Әз-Зауахиридің көзін жоймақ болса керек. Пәкістанның ақпарат министрі Рашид Ахмед: “Бажауыр агенттігінде болған оқиғадан бейбіт халықтың қырылғанына біз үлкен өкініш білдіреміз. Бұл ащы наразылық туғызатын шара. Мұндай шараға енді жол берілмейді”, деп мәлімдеді. Пәкістанда АҚШ-тың осы әрекетіне қарсы наразылық шеруі болып өтті. Пентагон зымырандық соққыға өзінің қатысы болғанын жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG