Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде вето қою хұқына ие тұрақты мүше елдер және Германия өкілдері Иранның ядролық бағдарламасына байланысты бүгін Лондонда кездеспекші


Британия, Франция және Құрама Штаттары бұл істің Қауіпсіздік кеңесіне ұсынылуын қарайтын БҰҰ жанындағы ядролық агенттігінің арнайы сессия өткізілуін қалауда. Оның нәтижесінде Иранға қарсы экономикалық тиым салынуы кәдік. Ондай ұсынысты Қауіпсіздік кеңесіне мүше екі ел- Ресей мен Қытай қолдамауда. Ал, ресми Иран болса, экономикалық тиымның салынуы әлем бойынша мұнай дағдарысын туындатады, деп отыр. Өткен аптада БҰҰ тарапынан Иранның уранды байыту орындарына салған кейбір мөрлерін ресми Техран алып тастағаннан кейін мәселе ушыға түскен болатын.
XS
SM
MD
LG