Бұл елдер Халықаралық атом энергиялық агенттігінің кезектен тыс отырысын 2-ші ақпанға шақыру жөнінде ұсыныс айтуда. Оның барысында осы қарар жобасы талқыланбақшы. Аталған мәлімдеме Лондонда, дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше бес ел мен Германия дипломаттарының басқосуынан кейін жасалған болатын. Дүйсенбі күні сөйлеген сөзінде Ресей елбасы Владимир Путин “қазіргі кезде Иранның ядролық бағдарламасына байланысты Ресейдің ұстанған бағыты Еуропа елдерінің көзқарасына өте жақын тұр” дегенді айтты.
Иранның ядролық бағдарламасына орай мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына тапсыру жөнінде Германия, Франция, Британия елдері ортақ шешімге келді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр