МӘСКЕУ. Бүгін америкалық журналист Пол Хлебниковтың өліміне қатысы бар деген айыпталған 3 чешеннің ісін қарайтын сот процесі, адвокат Руслан Закалюзныйдың хабарлауынша, оған төрағалық етуші судьяның сырқаттанып қалуына байланысты нақты күні белгіленбей кейінге шегерілді. Ал сот өкілінің мәлімдеуінше, істі қарау – адвокаттардың бірінің сот ережесін жүйелі түрде бұза беруіне байланысты кейінге ысырылды. Орыс тілінде шығатын “Форбс” журналының редакторы Пол Хлебников – 2004-інші жылдың маусым айында Мәскеуде қастандықпен өлтірілді. Оның өлімі бойынша 10-ыншы қаңтарда басталған сот бүгін қайта жалғасуға тиіс болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы