Вашингтон. АҚШ астанасында сөйлеген сөзінде ол Ресейдің Иран мәселесін санкциялар салу мүмкіндігін қарастыру үшін Қауіпсіздік кеңесінің қарауына беруді кейінге қалдыра тұруды ұсынғандығын айтқан. Хавьер Солананың айтуынша, Ресейдің уранды өз жерінде байыту туралы жасаған ұсынысы жүзеге асып қалуы да мүмкін. Иран бірқатар Батыс елдерінің наразылығана қарамастан, уранды байытуды қайта бастайтындығын өткен аптада жария еткен болатын. Олар Иран ядролық қару алғысы келеді деп күдіктенеді, Иран өз бағдарламасының тек бейбіт мақсатты көздейтіндігін айтады. Халықаралық атом энергиясы агенттігі осы мәселені талқылау үшін ақпан айының басында Венада өзінің төтенше мәжілісін өткізеді. Франция мен Ресей Иранның ядролық бағдарламасы туралы мәселені дипломатиялық жолмен шешуді жалғастыра беруге шақырып отыр. Бүгін Мәскеуде Ресейдің сырты істер министрі Сергей Лавров пен оның франциялық әріптесі Филипп Доуст Блэзидің кездесуінде Иран мәселесі талқыланады.