«Бүгінде Голливудта түсіріліп жатқан «Қоян-қолтық ұрыс» фильмінің кейіпкерлері қазақ болғанымен ол ролдерді ойнайтындар аттары әлемге әйгілі американдық және ресейлік актерлер», - дейді фильмнің сценарийін жазған Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Ермек Тұрсынов.
Оның пікірінше, киноны түсіруші топтың басты мақсаты - бір қазақ жігітінің тағдыры арқылы әлемге қазақ деген ұлтты, Қазақстан деген мемлекетті таныту екен. Осыдан он екі жыл бұрын Америкаға қоныс аударған оңтүстік-қазақстандық Еркін Жалғасов онда «Шымкент-пикчерс» продюссерлік орталығын ашып, алғашқы жұмысын өзі режиссер ретінде осы «Қоян-қолтық ұрыс» фильмінен бастап отыр. Фильмді түсіру жұмыстары бүгінде Нью-Йорк пен Лас-Вегаста жүріп жатыр. Жоспар бойынша, алдағы көктем айларында Қазақстанның бірқатар қалаларында: Астанада, Алматыда және Шымкенттегі көріністері басталмақ.
«Ал, «Қоян-қолтық ұрыс» фильмінің тұсаукесерін биылғы күз айларында өткізу көзделген», - дейді фильмнің сценариін жазған Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Ермек Тұрсынов.
Біз осы жайтқа орай қазақстандық кино мамандарының пікірлерін білген едік. Бұл ретте өнертану ғылымдарының кандидаты, кинотанушы Бауыржан Нөгербек қазақ жігіттерінің Голливудтағы бұл қадамын құптағанымен, батыстық үлгіде түсіріліп жатқан «Қоян-қолтық ұрыс» фильмінің голливудтық көп киноның көшірмесі болып қалуы мүмкін деген күдігін айтады.
Ал бірқатар шетелдік киногерлермен жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған, ресейлік «Күндізгі шолғыншы» («Дневной дозор») фильмінде басты ролде ойнаған қазақстандық актер Нұржыман Ықтымбаев, әзірге Ресейде кино түсіріп жүрген қазақ киногерлерінің әлем кино мамандарының назарына іліккенін айтады. Және де кино актер Нұржыман Ықтымбаев шетелде, әсіресе Голливудта кино түсіріп жатқан қазақ киногерлерінің қадамын құптайтындығын айтады.