Accessibility links

Ресей шпиондықпен ұсталған британиялық дипломаттардың тағдыры жөнінде әзірше ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ


Санкт-Петербург. Соңғы күндері орын алып отырған ол ықтималды шпиондық жөнінде Санкт-Петербургтағы ЕурАзия саммиті кезінде президент Путин тілшілерге кеше былай деді:

– Соңғы онжылдықта шпиондық әрекетте ұсталған дипломаттарды елден шұғыл шығарып жіберу әдетке айналған болатын. Бұл шара дұрыс па, әлде бұрыс па - оны білмеймін. Дегенмен, Сыртқы істер министрлігі мен қауіпсіздік қызметі бұл мәселе бойынша өздерінің өзара келіскен ұсынысын айтуы тиіс. Әрине, біз ол агенттерді шығарып жіберсек те болады. Бірақ, олардың орнына тағы да пысық, білімді әккілерін жіберсе не қыламыз? Ойланып іс тұтқанымыз жөн болар.

Ресей қауіпсіздік қызметі - ФСБ жақында бейүкіметтік ұйымдарға жасырын қаржылай көмек беріп жүрген деп британиялық дипломатты айыптаған болатын. Ал әзірше Британия үкіметінен бірер ресми жауап болған жоқ.
XS
SM
MD
LG