КАТОВИЦЕ. Сенбі күні Польшаның Катовице қаласында бір көрме холлының шатыры құлап, кемінде 65 адам қаза тапты. Қазір құтқарушылар аман қалғандарды іздеп жатыр. Ресмилердің айтуынша, бұл апаттан 140-қа жуық кісі жараланған. Ғимараттың төбесі құлаған кезде, оның ішінде 500-дей адам болған екен. Құтқарушылар құрбан болғандардың саны өсуі мүмкін дейді.