Қазақстан Орта Азиядағы өзге көршілерінен экономикалық жағынан ілгері елге айналғалы мұнда осы аймақтағы барлық республикалардан, тіпті алыс шетелден де еңбек мигранттары көптеп келе бастағанымен, әлі күнге дейін олардың мұндағы жұмыстары ешқандай заңмен реттелмегені әртүрлі халықаралық ұйым өкілдерін алаңдатып отыр. Қазақстан көші-қон департаментінің ресми мәліметі бойынша былтыр миграция полициясына 1 миллион 200 мыңдай шетелдік тіркелсе, олардың 100 мыңы әртүрлі әкімшілік тәртіп бұзғаны үшін заңға тартылып, 75 мыңы тек көші-қон туралы заңды бұзған екен. Тіпті, 9800 адамды республикадан аластатуға тура келген көрінеді.
Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылда зәру мамандықтар бойынша шетелдік жұмысшыларға белгілі мөлшерде квота белгілеп отырады. Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша оның биылғы мөлшері республикадағы еңбекке жарамды деген адамдардың 0,45 пайызын құрамақ, демек ол шамамен 35-40 мыңдай адам болмақ,
- Олардың құқықтары біршама заңмен реттелген болса, квотасыз, өздері келіп, жалданып жұмыс істейтіндердің жағдайын мемлекет білмейді. Квотасыз келгендердің жағдайы қиын, оған мемлекет бақылауы да жоқ. Мынау Өзбекстаннан келеді, миграциялық карта алады да үш ай істейді, ал ол кімде, қалай істейді - оны ешкім білмейді. Анау Астанада, басқа қалаларда жеке меншік үйлерді, коттедждерді көбінесе солар салып жатыр. Олар миграциялық карта алып келеді де 3 айдай, 6 айдай жұмыс істейді. Көбі заңға жатпайды, жұмыс берушімен келіседі, олар жалақысын төлейді, ал олар қалай істейді, қандай жағдайда істейді - оны ешкім білмейді. Ертең олар жазатайым оқиғаға ұшырап, мүгедек болып қалса оны кім, қалай төлейтіні де белгісіз, үкіметтің оған қатысы жоқ, біздің үкімет оны білмейді де! - дейді Қазақстан Конституциялық кеңесінің мүшесі, әділет ғылымдарының докторы Аманжол Нұрмағанбетов.
Қазақстанға квотасыз келіп Алматы базарларында сауда жасап тұрған Қырғызстан не Өзбекстан саудагерлерін әңгімеге тартып, жағдайларын сұрағанымызда, олар «бәрі жақсы, тұрақтаған пәтерлерімізге ресми тіркеуге отырғанбыз» деп, «аш құлақтан, тыныш құлақ» дегендей, ат-тондарын ала қашқақтаса, олармен бірге сауда жасап тұрған қазақстандық саудагер былай дейді:
- Көзіміз көріп жүр: милициялар осылардан - Өзбекстан, Қырғызстаннан келгендерден, үнемі алым жинайды. Қанша рет көрдік, ақшасын прямо өздері жинайды, апарып береді, бұл үшін арасында арнайы сайлап алған адамдары бар. Тәртіп үшін дейді, қанша жинайтынын білмедім, әйтеуір апарып береді.
Халықаралық кейбір сарапшылар Қазақстанға келетін еңбек мигранттарының саны, әсіресе маусымдық, мерзімдік жұмыс кездерінде бір миллион адамға дейін барады деген болжам айтады. Ал Қазақстандағы еңбекке жарамды деген адам саны 8 миллионнан сәл ғана асатынын ескерсек, келімсектер Қазақстандағы жұмыссыздық ахуалын ушықтыра түсіп, әлеуметтік жағдайға да әсер етері сөзсіз дейді мамандар.
«Ал бұл мәселе үкімет тарапынан ешқандай бақылауда жоқ, оны реттейтін заңдар да қабылданбаған. Біріншіден, бұл құбылыстың өзі жаңа құбылыс, сондықтан мемлекеттік құрылымдар оған жеткілікті деңгейде мән бермей отыр. Біз қазір қабылдаушы елге айналып отырғанымызға қарамай, еңбек миграциясы «Көші-қон туралы» заңдағы тек үш баппен ғана қамтылған», - дейді ТМД және Балтық мемлекеттері бойынша көші-қон кеңесінің сарапшысы Елена Садовская.
Бірақ, Қазақстан үкіметі жақын арада осы мәселеге арналған заң жобасын парламентке ұсынбақ көрінеді.
«Ол заңда шетелдік азаматтардың бізде жеке кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынбақшы, шетелдік азаматтар орта және шағын бизнеспен айналысуына заңды тұлға болмаса тыйым салыну көзделген, одан басқа, елден қуылған шетелдік азаматтарды 5 жылға дейін Қазақстан аумағына қайтып келуіне тыйым салу сияқты бірқатар шаралар көзделген», - дейді Қазақстан ІІМ Көші-қон департаментінің бастығы Марат Пістаев.
Сонымен, Орта Азиядағы еңбек миграциясына қатысты пікірлерін ортаға салған мамандар бұл проблема күрделі әрі жан-жақты қарауды талап ететін мәселе екенін айта отырып, алғашқы жылдардағыдай емес, бұған Қазақстан үкіметі де назар аудара бастағаны жақсы нышан дейді.