Accessibility links

Ислам пайғамбары бейнеленген келемеж суреттерді Данияның ізінше Франция мен Германия газеттері басып шығарды


ПАРИЖ. Бүгін француздардың “Франс суар” ("France Soir") және немістердің “Вельт” газеттері Дания басылымдарындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін бірқатар суретті қайта басып шығарды. Бұл суреттер бүкіл ислам әлемінің наразылғын туғызған болатын. Францияның күнделікті газеті келемеж суреттерді сөз еркіндігі атынан діни төзімсіздікке қарсы күресу мақсатында басып отырғанын жазады. Франция мұсылмандары кеңесінің президенті Далил Баубакір оны “арандатушылық” деп бағалады. Келемеж суреттерді алғаш рет қыркүйек айында жариялаған даниялық "Jyllands-Posten" газетінің қызметкерлері кеше кеңседе бомбаның жарылуынан қорқып көшеге шықты.
XS
SM
MD
LG