Accessibility links

Қазақстанда мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі құрылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік активтерді басқарушы холдинг құру туралы жарлыққа қол қойды. Енді Қазақстандағы ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдар аталған құрылым арқылы басқарылмақшы.

Президент жарлығымен ҚР үкіметіне заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес, елде экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар жасау мақсатын көздеген мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі АҚ-ын құру тапсырылды. Бұл қадамның басты мақсаты ел экономикасының стратегиялық маңызы бар салаларын мемлекет тарапынан басқаруды жетілдіру. Енді Қазақстан үкіметі екі аптаның ішінде аталған құрылымның іс-қызметінің қалай жүргізу қажеттігі мен мемлекеттік акцияларының холдингтің жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізімін бекітуі қажет. Және де үкімет бір айда осы құрылымның қызмет аясына лайықты құқықтық-нормативтік құжаттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуі тиіс. Сөйтіп, енді аз уақытта қызметіне кірісетін «Самұрық» холдингі атына сай ел экономикасын алға жылжыта ала ма деген сұрақты мамандарға қойған едік. Бұл ретте экономика саласының сарапшысы Ілияс Исаев аталған құрылымның қажеттіліктен туындағандығын алға тартты.

Дегенмен «Еуразия нарық институтының» ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Айтқали Нұрсейіт үкіметтің бұл қадамы да ашық жағдайда жүзеге асып жатпағандығын айтады.

Алайда ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымов бұл бастаманы қолдағанымен, бұл құрылымның өзі парламенттің бақылауында болуы қажет дейді. Ал Айтқали Нұрсейіт ұлттық компанияларға онсыз да мемлекеттің ықпалы күшті. Дегенмен мұны желеу етіп, үкіметтің оларға бақылауы күшейіп кетуі де мүмкін дейді. Осылайша мамандардың жаңа құрылып жатқан холдинг туралы пікірлері екіге жарылып отыр.
XS
SM
MD
LG