Accessibility links

Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген Еуропа елдері ислам халықтарының қатты наразылығына тап болды


БЕЙРУТ. Еуропа елдерінің газеттерінде Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің жариялануына қарсы Ливан астанасында наразылық шеруіне шыққан халық бүгін Дания елшілігінің кеңсесін өртеді. Оның алдында Ливанның қауіпсіздік күштері Дания елшілігіне жақындаған шеруді қуып таратпақ болып көкке оқ атып, су атқылайтын бранспойтты қолданды. Өз кезегінде шеруге шыққан халық полицияны таспен атқылап, бірнеше автокөлікті өртеп, христиандар тұратынг ауданға ойран салды. Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттер алғашқыда Дания газетінде жарыққа шығып, ислам әлемінің ащы наразылыын туғызған болатын. Кеше шеруге шыққан жұрт Дамаск қаласындағы Дания мен Норвегия елшіліктерін қиратып, тәртіпсіздік барысында кемінде 18 адам түрлі жарақат алды. Бүгін Дания үкіметі өз азаматтарын Ливаннан кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG