Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Роберт Кочарян бүгін Парижде Таулы Қарабақ мәселесін одан ары талқылайды. Екі ел басшылары кеше Франция президенті Жак Ширакпен кездесті, Жак Ширак 18 жылға созылған Таулы Қарабақ дауында шешім табылар деген үмітін айтты. Келіссөздерге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобындағы Франция, АҚШ және Ресей өкілдері араағайындық жасап жатыр. 1988 жылы Армения мен Әзірбайжан арасында басталған қақтығыстар 1994 жылы аяқталған. Осы кезеңде шамамен 30 мың адам қаза тапты, бір миллиондай адам босып кетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV