Accessibility links

Ресей мен “Хамас” тобының келіссөзі осы айдың соңына дейін өтуі мүмкін, бірақ...


ТЕЛЬ-АВИВ: Израильдің сыртқы істер министрі Цепи Ливни Ресей президенті В.Путиннің Палестинадағы парламент сайлауында жеңіскен жеткен экстремистік “Хамас” тобының жетекшілерін Мәскеуге шақырмақ ниетін тағы да өткір сынға алып, оны “керек емес және ыңғайсыз шешім” деп мәлімдеді. “Хамас” тобын ол Израильді жоюды көздейтін террористік ұйым деп бағалады. Өз кезегінде Ресейдің ресми өкілдері “Хамас” ұйымын Израиль мемлекетін мойындап, қантөгістен бас тартуға көндіріп көруге дайын екендерін білдірді. Сенбі күні Ресей мен “Хамас” тобының өкілдері келіссөз ақпан айының соңына дейін өтуі мүмкін деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG