Accessibility links

Мұсылман әлемінде карикатураларға орай наразылықтар жалғасуда


ПРАГА. Дания үкіметі Мұхаммед Пайғамбардың карикатураларына орай кешірім сұрасын деген шақыруларды елдің Сыртқы істер министрі жоққа шығарды. Дания үкіметі жасамаған нәрсесі үшін кешірім сұра алмайды, деді министр. Оның айтуынша, сотта айыпты деп ешкім табылмаған және заңсыз ешқандай іс-қимыл жасалмаған. Ал Мұсылман әлемінде Мұхаммед Пайғамбарды мазақ қылған батыс басылымдарына деген наразылықтар жалғасуда. Қайырда мыңдаған студент наразылық шарасына қатысты. Ал Батыс жағалауда, жүздеген адам ереуілге шықты.
XS
SM
MD
LG