Accessibility links

Ливанның экс-премьері Р.Әл-Хариридің қастандықтан қаза болғанына 1 жыл толды


БЕЙРУТ. Кеше Ливан астанасы – Бейрут қаласында осыдан 1 жыл бұрын қастандықпен өлтірілген экс-премьер-министр Рафик Әл-Харириді еске алуға арналған шеруге жарты млн халық шықты. Әл-Харири – Ливанда Сирия әскерінің болуына ашық қарсы болды. Оның қазасынан кейін елде Сирияға қарсы толқу өсе түсті. Кеше шерудің алдында сөйлеген сөзінде Әл-Хариридің ұлы – Саад - Сирияны қолдайтын президент Эмиль Лахудты биліктен кетуге шақырды. Ливан оппозициясы өз армиясының кетуіне қарамастан Дамаск Ливан басшылығына әлі зор ықпал етеді деп есептейді. Әл-Хариридің өлімін тергеген БҰҰ-ының комиссиясы ол қастандыққа Сирия билігінің қатысы бар деген қорытындыға келді. Дамаск оны мойындамайды.
XS
SM
MD
LG