Accessibility links

М.Саакашвили (Грузия): “...грузин армиясы шағын болса да Грузияның тәуелсіздігін қорғауға дайын”


ТБИЛИСИ. Бүгін Грузия парламентінде Ресейден оның бітімгершілік күштерін Оңтүстік Осетиядан шығаруды талап ететін шешім дауысқа салынуға тиіс. 14-інші ақпанда парламентке жолдаған жыл сайынға үндеуінде грузин президенті М.Саакашвили Оңтүстік Осетия мен Абхазия республикасындағы жанжалды шешудің бейбіт жолын қарастыруға тағы да міндеттенді. Ол империялық пиғылдағы көздеген Ресей аталған 2 республиканың ісіне жөнсіз килікті деп Мәскеуді айыптады. Сонымен қатар М.Саакашвили грузин армиясы шағын да болар, бірақ ол Грузияның тәуелсіздігін қорғауға дайын деп мәлімдеді. Осыдан 2 жылдай бұрынғы түрлі-түсті төңкерістің нәтижесінде М.Саакашвилидің билікке келуінен бері Тбилиси мен Мәскеудің арасы күрт суыды.
XS
SM
MD
LG