Accessibility links

Қазақстанда бір жастан алты жасқа дейінгі барлық бүлдіршіндердің тек 10 пайызы балабақшаға барады


Білім беру министрлігінің мектепке дейінгі балалардың қамтылыуы туралы мәліметі санақ агенттігінің ақпаратымен ұштаспайды. Бұл туралы Қазіргі заман саясаты жөнінідегі халықаралық институт директорының орынбасары Шолпан Байболова хабарлады. Министрлік мәліметі бойынша бір жастан алты жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 20 пайызы бала-бақшаға барады. Бірақ санақ агенттігінің ақпараты бойынша, бала-бақшаға баратын балалар саны 10 пайызғада жетпейді.

Елді мекендердегі көрсеткіш тіпті төмен, 2 жарым пайыз. Демек министрлік берген мәлімет екі есеге өсірілген деген тұжырым жасалды. Бүлдіршіндерді бала-бақшаларға беру үшін, шағын мекемелер ашу керек, дейді Қазіргі заман саясаты жөнінідегі халықаралық институт директорының орынбасары Шолпан Байболова. Мысал ретінде ол Батыс елдерін келтірді. Онда бүлдіршіндердің 80 пайызы шағын бала-бақшаларға барады. Ондағы балалар саны жиырмадан аспайды. Осыған орай, Қазіргі заман саясаты жөніндегі халықаралық институт әлеуметтік ұсыныстар жәрмеңкесі шеңберінде жеке меншік бала-бақша деген байқау жариялады. Астананың «Қызыл желкен» бала-бақшасының меңгерушісі Разия Әбдірахманованың айтуынша, жеке меншік бала-бақшадан түсетін пайда шамалы:

- Стандарт болу керек. Бір балаға жататын жері, ас ішетін жері, сазды залы, дене шынықтыру залы, бассейні болу керек. Бала мектепке дайындалу керек. Ол үшін мамандар керек. Балалар 2-3 жастан ағылшын тілін естісе олар тезірек үйренеді. Бізде тағы логопед, психолог бар.

Разия Әбдірахманова бүгін ғана маған жеке меншік бақша иесі келіп әңгімесін айтты дейді:

- 15 баланы 3 бөлмелі үйде ұстайды. Басқа бөлмеге баруға болмайды, жүгіруге болмайды, өйткені астында үстінде адамдар тұрадығой. Өлең айғайлап айта алмайды, жүгірмейді дене шынықтыруда. Қалай ол бала күн көреді. Сосын шшқашан ол табыс әкелмейді. Оның коммуналдық төлемдері бар. Қаншама мамандар ұстау керек. Оларға ақша төлеу керек. Біз мысалы балаларға дәмді тамақ береміз. Мемлекет бізге коммуналдық төлемнің бәрін төлейді. Біз бюджеттік мекемеміз. Сонда ата-аталар тек тамаққа төлейді. Ал, басқа жеке меншік бақшалар өздері төлеу керек болады.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда бала-бақшаға баратын жасқа жеткен бір жарым миллион бала бар. Ал, үкімет басшысы Даниял Ахметов мектепке дейінгі жастағы балалардың қамтылуын ұлғайтамыз деген уәде берді. Оның сыртында мұғалімдерге қойылатын талаптар күшейтіледі, деді премьер. Даниял Ахметовтың айтуынша, білім беру жүйесін дамыту үшін жеке меншік сектормен мемлекет арасындағы серіктестікті дамыту керек. Астананың нөмірі 41 бала-бақшасының әдіскері Жібек Бисембинаның айтуынша, ірі бақшалар әлдеқайда ыңғайлы:

- Жалғыз өскенен гөрі балалар үлкен ұжымда қалыспай оқиды. Кішкене ашылады. Бәрібір 2-3 баланың арасында ұжымда тәрбиеленгендей болмайды.

Жібек Бисембинаның айтуынша, жеке меншік бақшаға арнайы мамандар керек болады:

- Жоғарғы оқу орындарында тәрбиеші шығару керек шығар. Ол әрі тәрбиеші, әрі психолог, әрі суретші, әрі сазгер болуы керек. Сондай білікті маман болуы керек шығар, ол үшін.

Қазір Қазақстанның көптеген қалаларында бала-бақшалар жетіспейді. Әсіресе миграция көрсеткіштері барған сайын ұлғайып келе жатқан Астанада бұл проблема көкейтесті болған, дейді жергілікті білім департаментінің басшылығы. Сол үшін астаналық жас отбастарына перзент дүниеге келе салысымен бала-бақшаға кезекке тұру ұсынылды. Астанадағы ортастатистикалық бала-бақша тәрбиешісі Асыл Серікбайқызының айтуынша, бақшаға бармаған бала мектепке барғанда қиналып қалады:

- Бізде бала-бақшада бағдарлама бойынша айналамен табиғатпен таныстырамыз. Өзін өзі танып біледі, психологиялық жаттығулар, бірлесіп ойнауға, татулыққа, әріптер үйретеміз. Сандар, пішіндер, уақыт мерзіміне шейін үйретеміз, апта күндерін мысалы. Ал, үйде жүрген бала соны біліп барады дегенге мен сенбеймін.

Санақ басқармасының мәліметінше, қазір Астанада 11 мыңнан астам бүлдіршін бала-бақшаға барады. Бірақ, кезекте тұрғандардар 2-3 мыңнан асқан. Астанада тұрғын үй салып жатқан инвесторларға жер бермес бұрын міндетті түрде бірінші қабаттардан шағын бала-бақша салу жүктеліп отыр. Бірақ, кәсіпкерлердің көбісі бұл инвестицияға келісіп отырған жоқ. Өйткені бала-бақшаға салынған ақша тез арада қайтпайды, оған жылдар керек, ал, біз тезірек табыс алғымыз келеді дейді, кәсіпкерлер. Бала-бақша тәрбиешісі Асыл Серікбайқызының айтуынша, қазірдің өзінде бақшалардағы топтарға балалар сыймай кеткен:

- Бала-бақшада балалар көп, бір топтың ішінде 42 бала болады. Ал, негізі 25 бала болу керек. Төсек кіргізіп кеңейтеміз.

Осылайша бала-бақша проблемасы шешілмей келеді. Тәрбиешілердің пікірінше, кезінде арзан бағаға кәсіпкерлерге берілген бала-бақша ғимараттарын қайтадан мемлекетке қайтару керек. Жас жұбайлар болса бала-шағаларға баласын бере алмағандықтан шағын жеке меншік бала-бақшаларға беруге мәжбүр.бірақ бұл бала-бақшалар салық органдарында тіркелмей жұмыс істегендіктен ондағы санитарлы эпидимиологиялық жағдайды ешкім тексермейді дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG