СТАМБУЛ. Түркияда Мұхаммед пайғамбарды келемеждеуге қарсы наразылық толқуы екінші күн жалғасты. Стамбулға бүкіл елден діни және қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың 3 мыңнан астам өкілі жиналды. Олар қолдарына “Құдайға құрмет”, “Дінге құрмет” деген үндеулер ұстап, қаланың орталық алаңдарына шеруге шықты. Жасыл жалау көтерген халық Түркияның Еуропамен жақындасуына қарсылық білдіріп, өзге мұсылман елдерін ислам туының астында бірігуге шақырды. Олар ресм биліктен Палестина автономиясына экономикалық көмек беруін талап етті.