Бұған дейін Ұлттық компаниялар мен мегахолдингтердің экономиканы монополизациялап алғанын сынға алған президент Назарбаев ұлттық компаниялардың өздеріне тиесілі негізгі қызметтерге қоса басқа салаға жататын қызмет түрлерімен де айналысатынын сынға алды. Әңгіме бөлшектеп тартып алу төңірегінде емес, олар салалық емес активтерден нарық жолымен құтылып, оларды сатуы қажет, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан президентінің сөзіне қарағанда, бірқатар ұлттық компаниялар консалтингтік, сақтандыру, қаржы құрылымдарына ие. Көпшілігінің баспасөзі, сауда үйі және көңіл көтеретін орындары бар. Мысалы, «Қазақстан темір жолының» құрамдас компаниялары көптеген қосымша жұмыстарды атқарады. «Тұран-Әлем Банкі» туристік қызметпен айналысады. Оның күзет агенттіктері, зейнетақы қорлары, тұз және сіріңке шығаратын зауыттары бар. «Валют-Транзит Банкі» құрылыс фирмалары мен қонақ үйлерге, ойын-сауық кешендеріне иелік етеді», деді президент. Мұны естіген ұлттық компаниялары өз активтерін дереу сата бастағанға ұқсайды дейді бақылаушылар. Премьер-министр Даниял Ахметовтың айтуынша, «Қазмұнайгаз» компаниясының салалық кәсіпорындарының бірінде бірнеше қонақ үй меншігінде болған. Жуырда олар өте қымбат бағаға сатылды. Бұған дейін 3 энергетикалық станса, электр және жылу желілерін қосқандағы кешенді 6 миллиард долларға сату жоспарланған. Бірақ соңғы саудада тек екі қонақ үйдің өзі 9 миллард долларға сатылды, деді премьер.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша, ұлттық компаниялар өз нысандарын иелігінен шығару рәсімдерін ашық өткізбейді, соның кесірінен мемлекеттік мүліктен айырылуы мүмкін дейді ол:
- Ұлттық компаниялардың стратегиялық маңызды нысандарын иелігінен шығару туралы талдау жасадық. Сол жұмыстың ашық еместігін дәлелдедік. Сондықтан бақылауды күшейту үшін арнайы заңдарға өзгерістер енгізуіміз керек, біріншіден. Екіншіден, жаңадан құрылған холдингке арнайы тапсырма берліді. Нысандарды сатуға арнайы үкімет шешімі болу керек деген шешім қабылданды.
Бірақ, Келімбетов нақты қандай ұлттық компаниялар туралы сөз қозғалғанын айтпады. Ал, Саясаткер Бөріхан Нұрмұхамедовтың пайымдауынша, Қазақстан болашағы үшін, ірі холдингтермен корпорациялардың бөлінбегені тиімді. «Оңтүстік Кореяның тарихын алсақ, «Хюндай», «Самсунг» сияқты он ірі компания бүкіл елдің экономикасын көтеріп кетті», дейді ол. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, Оңтүстік Кореядағы холдингтерді Қазақстанмен салыстыруға болмайды. «Шығыс елдерінде олар бәсекелес болды. Ал, Қазақстанда саланы монополиялау қаупі бар. Екіншіден, отандық холдингтер шикізат өндірушілер, Кореяда өндірісті дамытқан компаниялар», дейді ол. Кәсіпкер Мақсат Оразалиннің айтуынша, холдингтердің пайда болғаны табиғат заңының құбылысы, бірақ, мен холдингтердің жеке меншік емес мемлекеттік болуын қалаймын, дейді ол:
- Үлкен мұхитта киттер ұсақ балықтарды жеп қояды. Сондықтан активтердің базарындада сол сияқты саясат жүзеге асатын сияқты. Өйткені қай елдің болмасын үлкен алып компаниялары ұсақтарын жеп қояды. Сол сияқты біздеде қайталанады. Қазір 10 шақты ұлттық компаниялар бар, бірақ, олардың ішіндегі былығын көп айта бермейік. Ал, «Самрұқ» деп аталатын ұлттық холдинг ең бірінші мемлекет мүддесін көздеуі керек, екіншіден, сондай былықшылықтарды ашу керек.
Жоғарыда аталған жұмысты ретке келтіру үшін «Самрұқ» деп аталатын мемлекеттік холдинг құру ұсынылған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша, алғашқы кезде холдингкке 5 компания кіреді:
- Мемлекеттік холдинг құру үшін арнайы тұжырымдама дайындадық. Ол үшін белгілі «Маккеннзи» компаниясын шақырдық. Олар бізге ұстамдар берді. Біз оны үкіметте дәлелдедік. Сол ұстамдар бойынша бірінші кезеңде 5 компания кіреді «Қазмұнайгаз» «Қазақстан темір жолы», «Қазпошта», «Кегок» және 50 пайыз акциясымен «Қазтелеком». Басқа кезеңдерде 20-25 компания кіреді.
Премьер-министр Даниял Ахметовтың айтуынша, қазақстандық холдинг «Самсунг» немесе «ЛДЖ» компаниялары сияқты бас менеджер болмайды. Ол белсенді құнды қағаз ұстаушысы боладыда ұлттық компаниялардың жедел-шаруашылық әрекетіне араласпай мемлекет саясатын жүзеге асыруға тиісті болады, деді премьер.
Саясаттанушы Сәбит Жүсіповтың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстандағы ең ірі банктерге жататын Қазкоммерцбанктің меншігінде, әуе желілері, Қазақстан темір жолы, кеніштер және элеваторлар болатын. «Кейбір холдингтер тіпті жоғарғы оқу орындары мен кинотеатрларды қаратып алған, ал, соңғы уақытта мұндай ірі монополиялар азайған», дейді Сәбит Жүсіпов. Ал, ұлттық компаниялардың басшылары әзірге бұл мәселеге байланысты пікірін айтпай отыр. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға сәйкес олар тілшілердің сұрақтарына тек 3 күн ішінде жауап беруге құқылы.