Брюссель. Бүгін Еуропалық ветеринар мамандар құс тұмауына қарсы үй құстарына вакцина жасау жоспарын талқылады. Өйткені, соңғы үш аптада әлемдегі 10-нан аса елде тағы құс тұмау дерті шығып отыр. Малазияда үй құстарынан табылған құс тұмауының H5N1 белгісі анықталды. Ресми өкілдер бүгін Малазияның солтүстігіндегі төрт ауылдың барлық үй құстарын өртейтіндіктерін мәлімдеді. Сонымен қатар, бұл аймақтағы тұрғындардың да денсаулығы тексерілуде.