Accessibility links

Қазақстанда саясаткер әйелдерді дайындайтын жалпыұлттық жүйе ұйымдастырылады


Қазақстанда саясаткер әйелдерді дайындайтын, саяси үрдістермен сайлау компанияларына қатысуды үйрететін жалпыұлттық жүйе ұйымдастырылады. Бұл туралы 22 ақпанда Астанада Еуразиялық әйелдер саммитінде президент кеңесшісі Айткүл Самақова хабарлады. Оның айтуынша, биліктегі әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Бірақ, кейбір ер азаматтар бұған қарсы.

Президент кеңесшісі Айткүл Самақованың айтуынша, Қазақстанда әйелдердің денсаулық индексі төмен. Олардың өлу көрсеткіштері төмендеп келе жатқанымен Еуропа Одағы елдерімен салыстырғанда және әлемдік денсаулық сақтау ұйымының деңгейінен әлдеқайда төмен. Әйелдердің еңбекақысы ер адамдарға қарағанда 30 пайызға кем, өйткені олардың лауазымдарының деңгейі төмен болып келеді, дейді президент кеңесшісі. Ал, президент жанындағы отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Жұмагүл Солтиеваныңда пікірі осыған саяды:

- Еңбекақығы байланысты, жұмысқа қабылдау кезінде дискриминация бар екенін өздеріңізде білесіздерғой. Содан кейін, трафик мәселесі әйелдердің, қаншама азап шегіп жатқандары бар. Отбасындада адамдар бар. Абай атамыз айтқонғой «Единица болмаса не болады, өңкей нөл деп» сол айтпақшы бұл жерде гендерлік саясаттың теңдігі керек.

Президент кеңесшісі Айткүл Самақованың айтуынша, 2006 жылдан бастау алатын Гендерлік теңдік туралы стратегия президент Назарбаевтың қаулысымен бекітілді. Осы құжатқа сәйкес, биліктегі әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу жоспарланды. Олар қоғамдағы барлық салаларды басқаруға ат салысуы тиіс. Осыған орай саясаткер әйелдерді дайындайтын, саяси үрдістермен сайлау компанияларына қатысуды үйрететін жалпыұлттық жүйе ұйымдастыру алға қойылды. Тұңғыш рет мемлекеттік органдарда гендерлік мәселеге жауапты мамандар анықталады. Ал, саяси тізімдерді құру барысында гендерлік баланс сақталу үшін, басқару қызметтеріне үміткер шығарған кезде партиялармен арнайы жұмыс жүргізіледі, дейді президент кеңесшісі Айткүл Самақова:

- Президент қаулысымен гендерлік саясат стратегиясы қабылданды. Самитте бәрі әйел кісілер кездесіп отырмыз, 300-дей адам. Бәріде өздері айтатын шығар, қандай бүгін саясат керек сол мәселелерді шешу үшін. Ал биліктегі әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу үшін алдағы 10 жылға үлкен жоспар қойып отырмыз.

Ал, Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетовтың айтуынша, Қазақстанда министр әйелдер жетерлік.

- Меніңше әйел туғанынан өзі саясаткерғой. Өзіңіз білесіз ең үлкен саясат отбасында(күледі). Енді бар әйел министр бола алмайдығой. Меніңше, біздің мемлекетте 14 министрдің ішінде 4 министр әйел болуы жаман емес сияқты. Осы Еуразиядағы басқа мемлекеттерді қарасаңыз Беларуссияда немесе Ресейде, онда бір-екі адам. Сондықтан оның бәрімен келісуге болмайды. Ал, саяси мектеп олда керек. Жас қыздарымызды дайындасақ жаман болмайды.

Гендерлік саясат саласындағы кейбір мамандардың пікірінше, Қазақстанда Шығыс дәстүрін сылтауратып, әйелдерді жынысына қарап кемсіту, яғни, жоғары лауазымды қызметке жақындатпау бар. Ал, дінтанушы Мұртаза Бұлытайдың пікірінше, әйел адамға тең құқық бердік екен, деп, оларды ауыр жұмысқа салу қазақ ұлтына жат нәрсе:

- Өкінішке орай 75 жыл Кеңес дәуірінде тәрбиеленген әйелдер бар. Осы күнгі әйелдер солар. Мен трактор айдаған, көше сыпырған әйелдерді көргенде бұл өте өрескел жабайы көрінді маған. Ешқашан мұсылман халқы өз әйелдеріне көше сыпыртқызып қоймаған. Біздің қоғамымызда әйелді сыйлау тек 8 наурыз мерекесінің ар жақ бер жағында. Әсіреме әйелді алдау үшін жасалған, мұны әйелдердің көбі біле бермейді. Тек бір күн қолына гүл беріп шампан атудың орнына оларды 365 күн құрметтеп құқықтарын беру керек.

Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығы таратқан мәліметке сай, жұмысқа қабілеті бар әйелдердің 16 пайызы жұмысқа зәру. Осы қауымдастық өткізген мониторинг нәтижесі бойынша, Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер жұмысқа қабілеті бар адамдардың 45 пайызын құрайды. Әйелдердің басым бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық тамақтандыру, мәдениет және қаржы саласында жұмыс істейтіні анықталды. Ал, тіл маманы ғалым Асылы Османованың айтуынша, қазақ әйелдері бірінші кезекте эволюциялық жолдағы мақсатты жүзеге асырғаны жөн:

- Қазақ татулықты абысыннан тапқан, мен сондықтан ананың ана болғанын жақсы көремін, бірінші кезекте. Егер біз барлық аналарымызды тек жоғарғы қызметке істететін болсақ, біздің келешегіміздің келісті болуының ең негізгі тірегі келешегімізді кім тәрбиелейді.

Ал, ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда жоғары немесе арнайы оқу орындарын бітірген әйелдер саны ерлерді басып озған. Ғылыммен айналысатын әйелдер қатарыда жыл өткен сайын артып келе жатыр деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG