Accessibility links

Ирақта орын алған қақтығыстарға орай Бағдадта коменданттық сағат жарияланды


Бағдад. Бүгін Ирақ үкіметі Бағдадта жарияланған коменданттық сағат жұма күні мешітке баратын бәсекелес шиит пен сүннитердің сектанттық қақтығыстарын болдырмауға тырысады деген. Ол қауіпсіздік шаралары екі күн бұрын шиит мұсылмандарының ғибадатханасына шабуыл жасалған соң орын алған екі жақты қақтығыстарды реттеу үшін қолға алынды. Ирақ үкіметі коменданттық сағатты бүгінгі кешкі төртке дейін Бағдад пен оған жақын провинцияларда жариялады. Сектанттық қақтығыстардан бейсенбі күні Ирақта 130 адам қаза болды, көптеген мешіт өртеніп талқандалды. Ирақтағы шиит жетекшілері сүннит пен шиит одақтастарын елдегі қақтығысты бірлесе реттеуге шақырып отыр. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Нью Иоркте журналистерге берген сұхбатында:

“Ирақтағы жағдай өте алаңдатарлық. Мен мешітке шабуыл жасағанына өте таң қалып, қапа болдым. Мен де басқа жетекшілер сияқты оларды ұстамды болуға шақырдым. Және мен Ирақ жетекшілерінің жағдайды реттеу үшін бірігіп жатқанын көріп қуанып отырмын”, - деп атап өткен.
XS
SM
MD
LG