Техран. Бүгін Техранда Ресей өкілі Иранды ядролық бағдарламасы турасында бір мәмілеге келуге көндіру жөніндегі келіссөздерді жалғастырып жатыр. Ресей ресми Техранға біріккен кәсіпорын құрып, Иранның ядролық бағдарламасы үшін уран байытуды Ресей жерінде жүзеге асыруды ұсынып отыр. 6-шы наурызда МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдай туралы қортынды баяндамасын жасайды. Одан кейін дағдарыс шешілмесе Иранға қарсы санкция енгізу мәселесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне беріледі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?