Беларус мемлекеттік қауіпсіздік комитеті "Партнерство" деген жергілікті оппозициялық ұйым президенттік сайлаудан соң төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Минскте орналасқан "Партнерство" ұйымының жетекшілері өткен аптада қамалған болатын. Беларус КГБ-сының өкілі "Партнерство" ұйымы 19 наурызға белгіленген президенттік сайлаудан кейін жаппай демонстрацияларды ұйымдастырмақ болды деп мәлімдеді. Минскте бүгін демонстрация өтпек. Оппозиция басшысы, президентікке бірігей кандидат Александр Миленкевич полиция күш қолданып, митингке бөгет жасаса тиісті шара қолдануға шақырды. Беларус президенті Александр Лукашенко ел басшылығына үшінші рет өтейін деп отыр.