КАРАЧИ: Пәкістанның осы қаласындағы АҚШ консульдігі мен қонақ үйдің маңайында автобомбаның жарылысынан кем дегенде 4 кісі қаза болып, тағы талай адам жараланды. Қаза болғандардың бірі АҚШ дипломаты болып шықты. АҚШ президентінің сапармен Пәкістанға келуінің алдында болған бұл қастандықты әзірше ешкім өзінің жауапкершілігіне алған жоқ. Соған байланысты Делиде сапарда жүрген президент Дж.Буш: “Лаңкестер мен кісі өлтірушілер менің Пәкістанға баруыма бөгет бола алмайды. Менің Пәкістанға сапарым ...Мушаррафпен лаңкестікке қарсы біздің күресімізді жалғастыру туралы тілдесу үшін өте маңызды. Ақыр аяғында осындай күреске оның өзі тікелей мүдделі. Лаңкестер оны 4 рет өлтірмек болды”, деп мәлімдеді. Дж.Буш - Исламабадқа сенбі күні баруға тиіс.