АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы – Сенат президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Амангелді Шабдарбековтің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалуына бірауыздан келісімін берді. Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев А.Сәрсенбайұлын ұрлап кетуге комитетке қарайтын “Арыстан” бөлімі қызметкерлерінің қатысқаны мәлім болған соң, өз еркімен қызметтен кетті. А.Шабдарбеков – бұрын осы “Арыстан” бөлімінің бастығы, соңғы кезде президенттің күзет қызметінің бастығы лауазымдарында болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV