Accessibility links

Лукашенконың бәсекелесі Лукашенконың бейнесін қорлады деп айыпталды


Беларус прокуратурасы президент сайлауына түсіп отырған оппозициялық кандидат Александр Казулинге қарсы қылмыстық іс ашты. Александр Казулин полиция бөлімшесінде президент Лукашенконың портретін ұрып жіберді деп айыпталды. Александр Казулин бейсенбі күні полицияға әкелініп, бірнеше сағат қамауда болды, соққыға жығылды. Александр Казулин, сол сияқты, рұқсат етілмеген баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ болды деп айыпталды. Еуропа Одағы Александр Казулинның қамалған жағдайына қатты алаңдаушылық танытты. Президент сайлауы Беларуста 19 наурыз күні болады.
XS
SM
MD
LG