Accessibility links

Беларусь оппозициясы да сайлау қорытындысының бұрмаланатынына күмәнданбайды


МИНСК. Беларусь президентін сайлауға оппозициядан түсетін оратық үміткер Александр Милинкевич - өзінің қолдаушыларын “қажет болған жағдайда өзінің үміткерін қорғау үшін көшеге шығуға” шақырды. Кеше Барановичи қаласының сайлаушыларымен кездесуі барысында А.Милинкевич ресми билік 19-ыншы наурыздағы президент сайлауының нәтижесін бұрмалауды жоспарлап отыр деп мәлімдеді. Оның алдында ресми Минск оппозицияны сайлаудан кейін жаппай шеру-митингі ұйымдастырмауға шақырған болатын. Еуроодақ пен АҚШ ресми билік оппозицияны қудалаған Беларуссиядағы сайлау әділ өте қоймас деп ескертті.
XS
SM
MD
LG