ОТТАВА. Ресейдің сыртқы істер министрі Канаданың консерваторлық жаңа үкіметі өкілдерімен келіссөз өткізу үшін Оттавада жүр. Кеше канадалық әріптесі Питер Маккеймен келіссөзінен кейін С.Лавров уранды Ресей жерінде байыту туралы Мәскеудің ұсынысы бойынша келіссөзге оралудың шарты ретінде Иранды уранды өңдеу өндірісін тоқтатуға тағы да шақырды. Сонымен қатар С.Лавров барлық жақты Молдованың сепаратистік Днестр жағалауы республикасына қарсы экономикалық блокаданы дереу тоқтатуға үндеді. Оның атап көрсетуінше, Палестинаның экстремистік “Хамас” тобы, “Жол картасы” жоспарына сәйкес, Израильмен бейбіт келіссөзге баруы мүмкін екенін мәлімдеген. Ресейдің сыртқы істер министрі Оттавада Канаданың премьер-министрі Стив Харпермен кездесіп, оның ізінше Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Бушпен және мемлекеттік хатшы К.Райспен келіссөз өткізуге тиіс.