Accessibility links

Ресейдің бұрынғы қаржы алпауыты М.Ходорковский - әділ сотқа үміт арта ала ма?!


МӘСКЕУ. Бүгін Михаил Ходорковскийге шығарылған сот өкімін бұзу туралы оның адвокаттары берген аппеляциялық шағымды Мәскеу қалалық сотының алқасы қанағаттандырмай кері қайтарды. Бүгін адвокат Генрих Падваның “Интерфакс” агенттігіне хабарлағанындай, “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы қожайыны М.Ходорковскийдің адвокаттары енді Мәскеу қалалық сотының төрағасына шағым жолдап отыр. М.Ходорковский – бірқатар экономикалық қылмыс істеді деген айып бойынша 8 жылға кесіліп, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG