Accessibility links

Ирақтың биліктен кетірілген бұрынғы президенті Саддам Хұсейін Бағдад сотында алғашқы формалды жауап беруді бастау туралы ұстанымға келген


Бағдад. Биліктен қуылған Ирақ басшысы Бағдадтағы сотты Саддам мен оның жолдастарына қарсы ұйымдастырылған комедия деп айыптады. Саддам Хұсейін мен оның үзеңгілестеріне қарсы өтіп жатқан сотта бүгін Ирақтың бұрынғы жетекшісінің бауыры Барзан әл-Тикритиден жауап алынды. Барзан әл-Тикрити Саддамның билігі тұсында Ирақтың қауіпсіздік қызметінің басшысы болған. Саддам мен Барзан және Ирақтың бұрынғы алты шенеунігі, негізінен, 1982 жылы шииттердің Дужаил қаласындағы көп адамды қырғынға ұшыратып, адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталуда. Егер айыптары дәлелденетін болса, оларға өлім жазасы кесілуі тиіс.
XS
SM
MD
LG