Кеше түнде Беларустағы оппозицияны қолдаушылардан бірнеше жүз адам Минскідегі орталық алаңда қалып, өткен сайлаудағы нәтижелерге байланысты өз наразылықтарын білдірді. Олар орналасқан шатырларды қауіпсіздік күштері қоршап тұрды. Екі арада бірер айтыс-тартыс болғанымен, ресми әкімшілік шатырларға тиіспеген. Ал дүйсенбі күні кешке Минскідегі сол алаңда рұхсат етілмеген митинг өтіп, олар наурыздың 19-ында өткен сайлау нәтижесін бекер деп жариялауды талап етті. Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша, А.Лукашенко 83 пайыздай дауыс алған.