Accessibility links

Беларуссияда сайлау қорытындысының бұрмалануына қарсы наразылық жалғасуда


Бүгін Минскінің орталық алаңында беларусь оппозициясының 200 өкілі президент сайлауының А.Лукашенконың 3 рет 5 жылдық мерзімге сайланғаны туралы ресми қорытындысына қарсы наразылық митингісін жалғастыру үстінде. Олар мен қауіпсіздік күштері арасында бірлі-жарым қақтығыс болғаны, бірақ полицияның митингіге шыққан жүздеген адамның шатырларына әзірше тимегені туралы хабар жетті. Оппозицияның сайлауға түскен үміткері А.Милинкевич бүгін биліктің оппозиция лидерлерін, оның ішінде Біріккен азаматтық партиясының лидері Анатоль Лябецкийді ұстағанын хабарлады. Кеше А.Милинкевич халықты “...ақиқат пен әділдік жолындағы күресті жалғастыру үшін” орталық алаңнан тарамауға шақырды. Ресми қортынды бойынша, қазіргі президент А.Лукашенко 83 пайыз дауыс жинады. Ресей сайлауды әділ де ашық өтті деп бағаласа, Батыс елдері оны халықаралық стандартқа лайық болмады деп сынады.
XS
SM
MD
LG