Осыдан екі жыл бұрын құрылған демократия мәселелері жөніндегі бұрынғы ұлттық комиссия бұдан былай мемлекеттік болады. Және оған енді президенттің өзі төрағалық етеді, деді Назарбаев. Сөзінің басында ол демократияның дайын рецептерін қолдану хаосқа әкелетіндігіне әлем куә болған, деген пікірін білдірді. Мысалы, Үндістан, Бразилия және Аргентина елдері демократиялық болып саналады, бірақ, тұрғындары кедей. Ал, Қытай мен Шығыс Азия елдері демократиялық емес, бірақ, халқының тұрмысы жақсы, деді президент. Назарбаевтың айтуынша билікпен либералдылық арасындағы балансты сақтау керек. Дербес тұлғалардың тырнақшадағы «еркелігі мен бұзықтығына» көңіл аудармау керек, деді ол.
ҚР Ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, дауыс құқы бар Назарбаевтың өзі Конституцияда президенттік билік болғанын қалайды, бірақ, ол кейбір конституциялық реформалардан қарсы емес, деді ол.
Ал, оппозициялық бағыттағы «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменовтің айтуынша, саяси реформалар біреу көрсеткісі келгендей Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына және АҚШ-тың мемлекеттік департаментіне емес, қазақстандықтарға керек. Оның айтуынша, президенттің құзыретін шектеп, парламент ролін арттыру керек. Және өзге пікірден қорықпау керек, деді ол. Бәйменовтың айтуынша, барлық мемлекеттік органдардың ашықтылығын қамтамасыз ету керек. Жергілікті өзін-өзі басқару жұмыстарына кедергі болып отырған конституциядағы қарама-қайшылықтарды жою керек деген ұсыныстар жасады. «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменовтың айтуынша, жаңадан құрылған үкіметтің бірінші баяндамасында ешқандай саяси реформалар жайлы айтылмады:
- Диалог тек бұл жерде өтпейді, сондықтан «Алға» партиясын тіркеу керек, біздің жемқорлыққа қарсы күресетін комитетті қудалауды тоқтату керек, Алтынбек Сәрсенбайұлыны еске алу шарасын өткізген адамдарды жауапкершілікке тарту туралы шешімнің күшін жою керек. Егер, осы пікірлер ескерілмейтін талқыға салынбайтын болса онда біз әрі қарай қатыспайтын боламыз. Мен сіздерге де (бұқаралық ақпарат құралдарына) сенемін осыны жеткізеді деп.
Президент болса жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары тек Қазақстан заңдары шеңберінде жұмыс істеу қажеттігін кезекті рет ескертті.
Ал, реформаларға тоқталғанда, президент Назарбаевтың айтуынша, елді мекендерде көп сайлау өткізуге болмайды, тек бір адамды сайлау, керек деді ол.
«Сонда біз биліктің тіктігін сақтаймыз», - дейді Назарбаев.
Сөзін тиянақтай келе президент үкіметке бейүкіметтік ұйымдарды қаржыландыруды кеңейтуді тапсырды. Бұл қадағалау органдарының жұмысынан артық қадағалау болады, деді ол. Алайда, кейбір бейүкіметтік ұйымдарының атынан қатысқан мүшелер осы жиынға келгенімен, тек президентпен келіссөз өткізу керек деген оппозиция өкілдері бұл жолы келмей қалды. Комиссия төрағасының орынбасары Оралбай Әбдікәрімов мұны былайша түсіндірді:
- Оларды ешкім шектеп отырған жоқ, болашақта қатысатын шығар. Уәдесін берген жоқ, міндетті түрде қатысамыз деп айтқан жоқ. Бірақ, олар қашан қатысам десе де құқы бар.
Билікке жақын саналатын «Азаматтық» партиясының төрағасы Азат Перуашев оппозицияның бұл жиынға толық келмегендігі қателік болды деп есептейді:
- Бірнеше маңызды ұсыныс айтылды, сондықтан оппозиция толық қатыспады деп айтуға болмайды. Бірақ, кейбіреулері келмеді, бұл сол қозғалыс қолдаушыларына кемшілік. Себебі, осындай маңызды талқылаудан бас тарту - саяси қате. Енді комиссияның деңгейі өсті ғой.
Ал, комиссия енді әр тоқсан сайын жиналатын болады. Елді демократияландыру жөніндегі бағдарлама 2006 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңді қамтымақ.