«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси басылымы жұма күнгі санында белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты Сенат төрағасы Нұртай Әбіқаев өзінің отставкаға кету ойында жоқ екендігі туралы айтқан мәлімдемесін жариялапты. Онда сенат төрағасы қазір қоғамда үлкен пікірталас тудырып жатқан осы мәселеге байланысты мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның «Караван» апталығында қойған талабын бұл қызуқандылықпен айтылған пікір деген. Ол сондай-ақ, Ержан Өтембаевты біліктілігі мен кәсіпқойлығы үшін құрметтейтіндігін, алайда А.Сәрсенбайұлының өлтірілуі еш ақылға симайтын нәрсе деп ойлайтындығын айтыпты. Сенат төрағасы өзінің Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Серік Әбдірахмановпен көп жылдары бойы бірге жұмыс істегенін, ал А.Сәрсенбайұлын кезінде жұмысқа шақырған өзі екенін, сондықтан орын алған жағдайға байланысты қазіргі қызметінен кету ойында жоқтығын айтыпты.
«Жас Қазақ» апталығы осы аптаның басты жаңалығы ретінде елде «Нағыз Ақ Жол» демократиялық партиясының Әділет министрлігі тарапынан ресми тіркелгенін жазыпты. Газет тілшісі Еренғайып Қуатайұлы бұл жөніндегі мақаласын «Ішкі ымыраластық па, сыртқы мәжбүрлік пе» деп атапты. «Алтынбек сынды бір серкесінен қапыда айырылған «Нағыз Ақ Жол» бұл күнді ұзақ күткен саяси ұйым. Партияның ресми тіркелуіне ішкі ықпалмен қатар сыртқы күштің әсері де болған тәрізді. Өйткені, партияны тіркеуден екі күн бұрын Франция астанасында жергілікті Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы қазақ өкіметі оппозицисының іс әрекетін талқылаған болатын» деп жазады газет тілшісі.
«Жас Алаш» басылымы жұмалық санында «Елес кезген ел» деген тақырыппен сараптамалық мақала жариялапты. Мақала авторы Шадияр Өстемірұлының жазуынша, «Батыс Еуропадағы соңғы диктатор деп аталған Лукашенко осы жолғы Беларусте өткен президент сайлауында 82 процент дауыс алды, ал мұны 92 процент дауыс алған Назарбаевпен қатар қойып салыстыру үлкен қателік болмақ. Өйткені, Беларусте сайлау өткен соң демократиялық күштер ел астанасында күнде шеру өткізіп жатыр. Ал Қазақстанда сайлау қортындысы жарияланған соң ешқандай толқу, бірде бір шеру өткен жоқ» дейді газет тілшісі. «Қоғамның пісіп-жетілуіне, саяси белсенділігінің артуына белгілі бір тарихи құбылыстар мен оқыс оқиғалар елеулі рөл атқаратыны белгілі. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілеріне қарсы оқ атылуы осындай оқиға болғандай» деп ой қорытыпты газет тілшісі.
Оппозициялық бағыттағы «Айна плюс» басылымы саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне байланысты марқұмның жары Салтанат Сәрсенбаеваның «Маған Алтынбекті кім өлтіргені туралы айтпа, оны кім өлітіргенін мен жақсы білемін» деген сұқбатын жариялапты. Ол өз сұқбатында «мені қәзір күйеуімді кім өлтіргені туралы мәселе қызықтырмайды. Мен тек қана Алтынбекті, Заманбекті, Асхатты және Оксананы осындай өлімге апарған өкімет бізге не бере алады деген сұрақ ғана мазалайды» деген. «Алтынбек соңғы жылдары үкімет құрамынан кеткен соң өзін сондай бақытты сезінді. Өйткені, оның жанынан нағыз жолдастары табылды. Оны міне Алтынбектің қайғылы қазаға ұшырағанынан кейін қырық күн өтсе де, күн сайын оның орнын жоқтатпауға тырысып, бізді жалғызсыратпай, қолдап отырғанынан түсінемін» деген Салтанат Сәрсенбаева.
«Қазақ әдебиеті» апталығы «Әдебиет - руханият қайнары» деген тақырыппен Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен өткізілген сұқбатты газеттің 2,3,4-беттерінде беріпті.