Accessibility links

Қазақстан ішкі істер министрі Б.Мұхаметжанов Алтынбек Сәрсенбайұлынның қастандықпен өлтірілуіне қатысты жаңа куәгерлік деректер табылғанын хабарлады


Қазақстан ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжановтың бүгін мәлімдегеніндей, оппозиция қайраткері Алтынбек Сарсенбайұлының қасақана өлтірілуіне байланысты жаңа куәгерлік дерек табылған. Бірақ министр ол дерек жөнінде нақты мәлімет бермей, тергеу ісі табыспен жүріп жатқандығын ғана айтқан. Алтынбек Сарсенбайұлы ақпанның 13-інде жанындағы екі көмекшісімен бірге қолдары байланған қалпы атып өлтірілген күйде Алматы қаласының маңайынан табылған болатын.
XS
SM
MD
LG