Accessibility links

Беларус полициясы даулы президенттік сайлау турасында демонстрацияға шыққандарға күш қолданды


Оппозиция лидерлерінің бірі Александр Козулин бірнеше күн бұрын қамалғандар босатылсын деген талаппен көшеге шыққан шерушілерді бастады деп айыпталып, тұтқынға алынды. Беларус İшкі істер министрлігінің басшысы В.Наумов баспасөз-мәслихатында Козулинге қарсы қылмыстық іс қозғалды деп атап көрсетті. Ал оппозицияның тағы бір жетекшісі А.Милинкевич Минскідегі марш-шеру турасында былай деді:

- Бүгін мұнда көп оқиға болды. Күн де жарқырап тұрды, шеруге шыққандардың көңіл-күйлері де көтеріңкі еді. Полиция топталған жұртты қоршап, бір топты екінші топқа жібермей тұрды. Бірақ біраз адамның соққыға жығылғаны жақсы емес. Менің ойымша қамау орны орналасқан көшедегі маршты билік арандатушылық тұрғысында жақсы пайдаланды.

Ресми деректерге қарағанда шерушілер мен полицияның қақтығысында жарақаттанғандар бар. Көзбен көргендер милицияның бейбіт шерушілердің көбін соққыға жыққандығын айтады. Евродақтың қазіргі төрағасы - Австрия Минскідегі демонстранттар мен полицияның қақтығысын "жантүршігерлік" жағдай деп айыптады. Германияның сыртқы істер министрі Франк-Валтер Штеинмайер тұтқындалғандарың барлығы, оның ішінде Козулин де босатылсын деп талап етті.
XS
SM
MD
LG