Accessibility links

Бүгін Украинада парламент сайлауы өтеді


Бұл қызғылт-сары төңкеріс арқылы Виктор Ющенконың Украинаның билігіне келгеніне бір жылдан сәл асқан мерзімде өткелі отырған сайлау. Осы уақыт ішінде Украинада экономика мен реформа дамып, алға баса қойған жоқ. Сайлау алды сауланамаларға қарағанда, өткен президенттік сайлауда Ющенконың басты бәсекелесі болған, бұрынғы үкіметбасы Виктор Януковичтің Аймақтар партиясы саяси партиялар мен қозғалыстар арасында алдыңғы орында келеді. Парламенттегі орын үшін 3 проценттік кедергіден өткен 45 партия мен блоктар бақ сынайды. Парламент бұрынғыдай төрт жылдық емес, бес жылдық мерзімге сайланады. Алғаш рет мұнда сайлаушылардың қатысу проценті қажетті көрсеткіш ретінде қарастырылмайды. Украиндағы сайлау барысын 3-5 мыңнан астам бақылаушы қадағалайды, олардың арасында арнайы шақырту алмаған ТМД елдерінің бақылаушылары ғана жоқ.
XS
SM
MD
LG