АҚШ әскерінің хабарлауынша, жексенбі күні Бағдадта Ирақ күштері 16 бүлікшіні өлтіріп, 15 адамды қамауға алған. Ал бұдан бұрын Ирақ астанасында АҚШ күштері рейд жүргізіп, шииттердің радикалды көсемі Моқтада әл-Садрдың 18 жақтасын өлтірді деп хабарланған еді. АҚШ күштері, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігіне қарайтын ғимаратты тексеріп, шетел азаматтары ұсталған бір бункерді тауып алған. Ал бұдан бұрын Бағдадтың солтүстік-шығысында орналасқан ауылда 30 адамның мәйіттері табылған.