Accessibility links

Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен партиялардың жетекшілерімен кездеседі


Соңғы хабарларға қарағанда, Ресейшіл Виктор Януковичтің “Аймақтар партиясы” дауыстың шамамен 27 пайызына қол жеткізіп, алда келеді. Екінші орында елдің бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың блогы тұр. Ал Ющенконың “Біздің Украина” партиясы үшінші орынды иеленді. Дүйсенбі күні Тимошенко Мәскеушіл партияларды үкіметтен аулақ ұстау үшін жаңа либералдық коалиция премьер-министрі етіп өзінің тағайындалуын президенттен сұраған болатын. Еуропалық Одақ, АҚШ-ы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Украинадағы сайлау демократиялық талаптарға сай келді деді. Ал президент Ющенконың айтуынша, Украинаның өзі жеңіске жеткен.

“Сайлауда бір жеңуші болады – бұл халық. Жергілікті және халықаралық бақылаушылардың мәлімдемелері Украинаның дамократиялық таңдауын растайды. Мен бұл үшін бақыттымын”, - деді Ющенко.
XS
SM
MD
LG