Сайлау комиссиясының хабарларлауынша, ресейшіл Виктор Януковичтің “Аймақтар партиясы” дауыстың шамамен 30 процентін иеленіп, алда келеді. Екінші орында 22,5 пайызбен Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың блогы тұр. Ал, президент Ющенконың “Біздің Украина” партиясы 15 процент дауыспен үшінші орынды иеленді. Дүйсенбі күні Тимошенко мәскеушіл партияларды үкіметтен сырт ұстау үшін жаңа либералдық одақтастықтың премьер-министрі етіп өзін тағайындауын президенттен сұраған болатын.