Наурыздың 28-күнгі санында «Егемен Қазақстан» газеті мемлекет басшысы Н.Назарбаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Бельгияның сыртқы істер министрі Карл де Гюхтті қабылдау кезінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ Қазақстан мен Бельгия арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланғандығын жазады. Онда аталған ұйым төрағасының өздері үшін Орталық Азияның өте маңызды өңір екендігін, ал Қазақстанның осы аймақтағы өте маңызды ел болып табылатындығын айтқаны атап көрсетілген. Бұл ретте газет ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Карл де Гюхттың: «Қазақстанның таяудағы болашақтағы ұйымға төрағалық жасау тұрғысындағы өршіл ниеті бар, сондықтан бізге осында келіп, Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның қандайлық маңызды және ЕҚЫҰ үшін Қазақстан қандайлық мүше болатынын көзбе-көз талқылау өте қажет болды. Біз бұл өңірде осы лауазымға Қазақстан ең лайықты , ең мүмкін болатын үміткер деп санаймыз» деген пікірін келтірген. Сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газеті аталған ұйым төрағасының тұрақты экономикалық даму мен ел экономикасын әртараптандыру мәселесіне назар аударғандығын және де «бүкіл әлемде өркениеттер қақтығысы деп аталатын құбылыс байқалып тұрғанда, Қазақстанда қазір орын алып отырған салмақтылық сипатын» атап көрсеткіндігіне маңыз береді.
Сейсенбі күні жарық көрген «Казахстанская правда» газетінде еуропалық ұйымда жоғары лауазымды қоса атқарып жүрген бельгиялық дипломаттың ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен белсенді ынтымақтасу ниеті бар екендігін атап көрсеткен. Ол жалпы Қазақстанның Орталық Азияда бүкіл өңір бойынша экономикалық дамудың, толеранттылықтың, тұрақтылық пен демократиялық дамудың үлгісін тарататын жетекші мемлекет болуы тиістігіне үміт білдірген. Және де ол осы сынды пікірлерін былайша түйіндепті: «Тұрлаулы экономикалық даму тұрлаулы демократияның өзегі болып табылады. Жуырда құрылып, төрағасы президент болып табылатын мемлекеттік комиссия таяудағы уақытта өте маңызды ұзақ мерзімді бірқатар ұсыныстарды талдап жасайды деп сенемін».
28-наурыз күнгі санында «Экспресс К» газеті ЕҚЫҰ төрағасының Қазақстанға сапары сәтті әрі маңызды болғандығын жазады. Бұл сапарында аталған ұйым төрағасы Бельгия мемлекетінің Қазақстандағы елшілігін Астана қаласында салтанатты жағдайда ашқан. Ол Қазақстандағы саяси-экономикалық дамудың қалыпты үрдісте екендігін атай отырып, демократияның басқа денеге қондыра салатын, бір орыннан белгілі бір өңірге көшіретін имплантат еместігін, ол сол ортаның ішкі дамуынан өсіп шығуы тиістігін атап көрсеткен. Оның пікірінше, Қазақстанның демократиялық даму жолына түсуіне толық мүмкіндігі бар. «Тұрақты экономикалық дамуды, қоғамдағы сабырлылықты көре отырып, Қазақстанның ауқымды демократиялық өзгерістерді бастауға барлық алғышарттары бар деп санаймын және сіздердің елдеріңіз бұл міндетті еңсере алады деп ойлаймын»- дейді ол.
Ал сейсенбі күні жарық көрген санында «Жас алаш» газеті Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның соңғы кездердегі саяси ұстанымдарына қатысты бірнеше мақала жариялапты. Басылым елдегі қайбіреулерге қарсы күшейіп келе жатқан ақпараттық саясатты Дариға мен оның жұбайы Рахаттың тобы жүргізіп отыр деп жазады. Және бұған қосымша қосылған «Асар» партиясының өте ықпалды парламент мәжілісіндегі фракциясына тосқауыл ретінде елдегі парламентті тарату мәселесі көтеріліп жатқанын айтады. Әрі бұл жайтқа орай Дариға Назарбаеваның: «Оларды шошытқан билікке бағынбайтын партияның саяси аренаға шығуы ма, әлде парламенттегі депутаттардың күшті тобы ма?» деген пікірін берген.
«Алтын орда» апталығы болса, саясаткер А.Сәрсенбайұлының өліміне президент туыстарының қатысы бар деген жайтқа орай «Дариға Назарбаеваның қолына ашына қалам алуы отбасының құпиясын әшкерелеу болып қалғандығын» айтады.