Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иран жайында мәлімдеме жариялады


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иран жайында мәлімдемені бірауыздан қабылдап, Иран уран байыту жайындағы жұмысын толық тоқтатсын деп шақырды. Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі – Ресей, АҚШ, Қытай, Франция және Британия мәлімдеме жобасын бірнеше апта талқылап, сәрсенбі күні ортақ келісім тапты. Халықаралық Атом энергетика агенттігі 30 күннен кейін Иран жайында тағы баяндама жасасын деп ұйғарылды. АҚШ елшісі Джон Болтон 30 күннен кейін мәселені тағы қарағанымыз жөн болады деп сипаттады. АҚШ, Ресей, Франция, Британия, Қытай және Германия сыртқы істер министрлері бүгін Берлин қаласында кездеспек.
XS
SM
MD
LG