Ирақтағы АҚШ армиясының хабарлауынша, Бағдадтан оңтүстік-батысқа қараған бетте сенбі күні “Апачи” тікұшағын көтерілісшілер атып құлатқанға ұқсайды, ал оның 2 ұшқышы қаза тапты. АҚШ әскерилері олардың мәйіттерін іздестіру үстінде. “Апачи” соғыс тікұшағы әуе патруліне ұшып шыққан кезінде атып құлатылған сияқты. Бүгін Ирақтағы көтерілісші топтың бірі Интернет-парақшасында тікұшақты өзі атып түсіргенін хабарлады. Бірақ оған көз жеткізу мүмкіндігі жоқ. Ал Бағдадтың солтүстік-шығысында тағы да шийттердің мешіті жарылды. Қаза болғандар жайында әзірше хабар жоқ. Полицияның хабарлауынша, Бағдадтың төңірегінен өлтірілген 40-қа жуық адамның мәйіттері табылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV