Өткен аптада Қауіпсіздік Кеңесі Иран уранды байыту ісін доғартсын деген болатын. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіндегі Иран өкілі Алиясгар Солтаниеһ егер Қауіпсіздік Кеңесі Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған дағдарысқа араласа берсе, онда жағдай одан сайын күрделене береді деді. “Бұл мәселені келіссөз арқылы шешсе болады”, - деді Иран өкілі.