Овезов мырза өзінің неге қамалғандығын, не үшін қауіпсіздік өкілдерінің өз соңына түсіп алғандығының себебін айқын білетіндігін мәлімдеді. Өз айтуынша, оның себебі - тілші ретінде шындықты айтқандығында екен.
«Халықтың жағдайы - ауыр. Елді жұмыссыздық жайлаған. Олардың күнделікті күнін көруге де жағдайлары жоқ. Нан тауып жеу де оңай емес. Түркмен отбасының дастарқаны тамаққа толып тұр, деген ақпарат - жалған. Ол тек қағаз жүзінде ғана болуы мүмкін. Айына жан басына 5 кг нашар сортты ұн таратылады. Бір тілім нан табудың өзі оңай емес. Таба қалған күнде де нашар сапалы ұннан пісірілген ол нанның жартысы кір, жартысы құм болып келеді. Шайнағанда тісіңнің арасында шықырлай бастайды”, - дейді Овезов мырза.
Ал, билік басындағылардың таратқан мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылы астық мол жиналған. Ресми дерек бойынша, Түркменстан таяу уақытта сыртқа астық шығаратын елге айналмақшы. Ал, тілші Овезовтың айтуынша, ондай ұнды базарлар мен дүкендерден алуға болатын шығар. Алайда, халықтың қолында ақша жоқ.
Жұмыссыздық пен нан табудың қиындығы жөнінде Овезов Азаттық радиосы арқылы хабар берген болатын. Ол тілші өзінің түрмеге жабылуының себебін осы жағдаятпен түсіндіруде. Наурыздың 7-сі күні Овезов пен Хоммадовты үйлерінен полиция тұтқындап, Мари аймағының әкімшілігіне алып келген.
“Олар әкімшілікке 3-4 ақсақалды шақырған екен. Олардың көпшілігі не үшін шақырылғандарын білмепті де. Алдын-ала білсе, мұнда келмеулері де мүмкін еді. Олар бізді білетін. Алайда, мұндағы ресми өкілдер ол ақсақалдарды “өтірік ақпараттар айтып жүр” деп бізді айыптауларына көндірді. Мұнда өмір жақсы, деді олар”, - дейді Овезов мырза.
Президент Сапармұрат Ниязов “Алтын дәуір” деп атады. Қайдағы алтын дәуір? Ондай жағдай мұнда жоқ, дейді ағынан жарылған Азаттық тілшісі.
«Ресми биліктің мәжбүрлеуімен әлгі ақсақалдар «Азаттық» радиосының қос тілшісін “өтірікшілер, халық жауысыңдар. Сендерге сондай хабар таратуға кім хұқық берді?» деп, бізді айыптады», - дейді Овезов мырза.
Осыдан кейін, белгісіз боп қалуды қалаған, Ашхабадтан келген адамға жергілікті қауіпсіздік қызметінен бір офицер қосылды.
«Вакил Базар ауданы қауіпсіздік қызметінің офицері маған, егер сен өзің жайында ойламасаң да, екі қызың жөнінде ойланарсың. Біз оларды да қамауға ала аламыз деп ескертті», - дейді Овезов.
Түрмеден шыққанымен өзін бостандықта сезіне алмайтындығын да журналист Овезов айтып отыр.
«Қазір олар мені аңдып жүр. Мен балаларым үшін алаңдаулымын. Ел билігі ойларына келгендерін істейді. Ашқысы келген істерін ашады, жапқысы келгендерін жабады. Мәселе бұлай өрбімесе керек. Егер жағдайдың бәрі ойдағыдай болса, билік басындағылар шындықтың айтылғанынан неге қорқады? Ал, қарапайым халық болса, шындықты айтудан жасқанып қалған», - деді Овезов.
Азаттық радиосының тілшілері Овезов пен Хоммадовтың ешқайсысына да ресми айып тағылмаған.