Accessibility links

АҚШ Теһранға қарсы “психологиялық соғыс” жүргізуде дейді Иран өкілі


Иранның даулы ядролық бағдарламасын тоқтатқызу үшін АҚШ әскері әуеден соққы бермекші деген хабарларды ресми Теһран “психологиялық соғыс” деп атады. Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Асефи журналистерге берген сұхбатында Вашингтон Иранның даулы ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған мәселені шешкісі келмейді, керісінше оны қайтадан дағдарысқа алып келмекші деді. АҚШ-тың “Вашингтон Пост” және “Нью-Йоркер” басылымдары Ақ Үй Иранның ядролық нысандарына әуеден соққу беру мәселесін көп мүмкіндіктің бірі ретінде қарастырып жатыр деп хабарлаған болатын. Бұл хабарларды Ақ Үй жоққа шығармады, бірақ бұл мәселенің дипломатиялық түрде шешілетініне сенетіндігін қайталап айтты.
XS
SM
MD
LG